Мазмұнға өту

Нор (департамент)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Нор (фр. Nord, тура мағынасында — «солтүстік») Францияның солтүстігіндегі департамент, Нор-Па-де-Кале аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі — 59. Әкімшілік орталығы — Лилль. Департаменттің оңтүстік бөлігінде француз тілінің «ш’ти» (фр. le ch'ti) деп аталатын пикарди диалектісін қолданады.

Здание префектуры департамента Нор в Лилле.

Географиясы

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Жер аумағы 5743 км². Нор департаменті Па-де-Кале және Эна департаменттерімен, Бельгиямен шектеседі. Солтүстігінен Соллтүстік теңіз шайып жатыр.

Департамент арқылы Изер, Лис, Шельда (Эско), Скарп, Самбра өзені ағып өтеді.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Департамент 6 округ, 79 кантон және 652 коммунаны қосады.

Нор 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі.

Экономикасы

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Нор XIX ғасырда Франциядағы өндіріс төңкерісінің локомотиві болған, алайда Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қатты зардап шеккен болатын.

Тағы қараңыз

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]