Энди Бернем
| Энди Бернем Andy Burnham | ||||
Ресми портреті, 2026 | ||||
| Лауазымы | ||||
|---|---|---|---|---|
| ||||
| 20 шілде 2026 жылдан бастап | ||||
| Монарх | III Чарльз | |||
| Ізашары | Кир Стармер | |||
| ||||
| 17 шілде 2026 жылдан бастап | ||||
| Монарх | III Чарльз | |||
| Ізашары | Кир Стармер | |||
| ||||
| 8 мамыр 2017 — 19 маусым 2026 | ||||
| Монарх | II Елизабет III Чарльз | |||
| Ізашары | Тони Ллойд (м. а.) | |||
| Ізбасары | Пол Дэннет (м. а.) | |||
| ||||
| 5 маусым 2009 — 11 мамыр 2010 | ||||
| Премьер-Министр | Гордон Браун | |||
| Монарх | II Елизабет | |||
| Ізашары | Алан Джонсон | |||
| Ізбасары | Эндрю Лэнсли | |||
| ||||
| 24 қаңтар 2008 — 5 маусым 2009 | ||||
| Премьер-Министр | Гордон Браун | |||
| Монарх | II Елизабет | |||
| Ізашары | Джеймс Пернелл | |||
| Ізбасары | Бен Брэдшоу | |||
| ||||
| 18 маусым 2026 жылдан бастап | ||||
| Ізашары | Джош Саймонс | |||
| ||||
| 7 маусым 2001 — 3 мамыр 2017 | ||||
| Ізашары | Лоуренс Канлифф | |||
| Ізбасары | Джо Платт | |||
| Өмірбаяны | ||||
| Партиясы | Лейборист | |||
| Білімі | Фицуильям-колледж (Кембридж университеті) | |||
| Мамандығы | Саясаткер | |||
| Діні | католицизм | |||
| Дүниеге келуі | 7 қаңтар 1970 (56 жас) Эйнтри, Ливерпуль, Мерсисайд, Ланкашир, Ұлыбритания | |||
| Туған кездегі есімі | Эндрю Мюррей Бернем | |||
| Жұбайы |
Мари-Франс ван Геел
(үйл. 2000) | |||
| Балалары | 3 | |||
| Қолтаңбасы | Қолтаңбасы | |||
| Энди Бернем Ортаққорда | ||||
| өңдеу | ||||
Эндрю «Энди» Мюррей Бернем (ағылш. Andrew "Andy" Murray Burnham; 7 қаңтар 1970, Ливерпуль, Ланкашир) — британдық саясаткер, 2026 жылғы шілдеден бергі Ұлыбритания премьер-министрі және Лейбористік партияның көшбасшысы.
Бернем — 2026 жылғы маусымнан бергі Қауымдар палатасының депутаты. Бұрын ол 2017 жылдан 2026 жылға дейін Үлкен Манчестер мэрі және Гордон Браун тұсындағы Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрі (2009–2010) мен Мәдениет, медиа және спорт министрі (2008–2009) еді. Бернем өзін социалист дейді және Лейбористік партияның солшыл жағында орналасқан деп сипатталады.
Ливерпульдың Эйнтри жағында туған Бернем Кембридж университетінің Фицуильям-колледжында ағылшын тілін оқыды. 15 жасында ол Лейбористік партияның мүшесі атанып, зерттеумен айналысты. 1998 жылдан 2001 жылға дейін ол Мәдениет министрі Крис Смит. 2001 жылғы парламент сайлауында ол Үлкен Манчестердегі Ли округінен сайланған Қауымдар палатасының депутаты атанды. Премьерлер Тони Блэр мен Гордон Браун тұсында ол түрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайндалып жүрді.
2010 жылы Бернем Лейбористік партияның басшылығына сайланбақ болды, алайда жеңілді. 2010 жылдан 2015 жылға дейін ол Эд Милибэнд тұсында ол Білім беру көлеңкелі министрі және Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамқорлық көлеңкелі министрі болды. 2015 жылғы парламент сайлауынан кейінгі Лейбористік партия көшбасшылығына сайлауда ол Джереми Корбиннен кейін екінші орынға жайғасты. 2015 жылдан 2016 жылға дейін ол Ішкі істер көлеңкелі министрі болды. 2017 жылы ол Үлкен Манчестер мэрлігіне үміткер атанып, Парламенттен кетті.
Кир Стармер премьерлігіне қатысты даулар себебінен Лейбористік партияда басшылық дағдарысы басталды да, Бернем Парламентке оралмақ болды. Төрт күннен кейін Стармер отставкасын жариялады.[1][2] Көп ұзамай, келесі айда, Бернем оның ізбасары атанды.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- ↑ Crerar, Pippa Keir Starmer to step down as prime minister two years after historic election victory (ағыл.). The Guardian. (22 маусым 2026). Тексерілді, 24 маусым 2026.
- ↑ Seddon, Paul Why did Keir Starmer resign and what could happen next? (ағыл.). BBC News. (22 маусым 2026). Тексерілді, 24 маусым 2026.
- ↑ Энди Бернем Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі атанады: Ол туралы не белгілі? (қаз.). stan.kz. (18 шілде 2026). Тексерілді, 20 шілде 2026.
| ||||||||||||||||||
Үлгі:Ұлыбритания премьер-министрлері
| ||||||
| ||||||
- 7 қаңтарда туғандар
- 1970 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Ливерпульда туғандар
- Үлкен сегіздік басшылары
- Үлкен жиырмалық басшылары
- Кембридж университеті түлектері
- Ұлыбритания саясаткерлері
- Ұлыбритания премьер-министрлері
- Лейбористік партияның (Ұлыбритания) мүшелері
- Ұлыбритания парламентінің мүшелері (2015—2017)
- Үлкен Манчестер мэрлері
- Ұлыбритания парламентінің мүшелері (2024—)
- Қазіргі мемлекет басшылары







