Килиан Мбаппе
| Килиан Мбаппе | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Франция құрамасындағы Мбаппе, 2026 жыл | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Толық аты |
Килиан Мбаппе Лоттен[1] | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Лақап аттары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған күні |
20 желтоқсан 1998 (27 жас) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған жері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Азаматтығы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бойы |
178 см | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Салмағы |
73 кг | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Позиция | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Номері |
10 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Марапаттары мен медальдары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Килиан Мбаппе Лоттен (фр. Kylian Mbappé Lottin; 20 желтоқсан 1998, Бонди) — француз футболшысы, «Реал Мадрид» клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы.
2016/17 жылғы маусымда Франция чемпионатының үздік жас футболшысы атанды. 2018 жылғы әлем чемпионы және үздік жас футболшы, Францияның жыл футболшысы.
Клубтық мансабы
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Кәсіпқой карьерасын 17 жасында «Монако» клубында бастады. Тұңғыш рет 2015 жылы 2 желтоқсанда Франция чемпионатындa «Кан» командасына қарсы 88-минутта Фабиу Коэнтраудың орнына алаңға шықты. Сегіз күннен соң еурокубоктердегі дебют ойынын өткізіп, Еуропа Лигасының алтыншы турында «Тоттенхемге» қарсы ойында алаңға шықты. Бұл кездесуде нәтижелі пасымен көзге түсті.

2016–2017 жылғы маусымда «Монако» чемпиондар Лигасының жартылай финалына дейін жетті. Команданың осы жетістігіне көп үлес қосқан Мбаппе Еуропаға танылып үлгерді де, кәрі құрлықтың бірнеше алпауыт клубтары оны өз қатарына қосып алғысы келетінін мәлімдеді.
Келесі маусымда Мбаппе «Пари Сен-Жермен» клубына жалға берілді. Енді ол Неймармен бірге тізе қосып ойнады. Бірақ еурокубоктерде команда 1/8 финалдан аса алмады. Мбаппе Франция чемпионатында 27 матчта алаңға шығып, 13 гол соқты. Маусым біткен соң париждік клуб оны түпкілікті сатып алды.
Реал Мадрид
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]2024 жылғы 3 маусымда Реал Мадрид клубымен 5 жылдық контрактқа отырды.[4][5] Осыдан кейін Мбаппе әлеуметтік желілерінде өзінің бақытымен бөлісті: «Бұл орындалған арман. Мен соңдай бақыттымын және өзімнің арман клубыма өткеніммен мақтанамын... Қазір қандай қобалжып тұрғанымды ешкім түсіне алмайды!».[6]
Ұлттық құрама
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Ұлттық құрамада тұңғыш рет 2017 жылы алаңға шықты. 2018 жылғы әлем біріншілігінің екінші турында Перудің қақпасына гол соғып, есеп ашты. 1/8 финалда Аргентинаның қапасына екі гол соқты (4:3). Финалда Хорватияның қақпасына да бір гол енгізді.
Мбаппе турнирдің ең үздік жас ойыншысы атанды.[7] Мбаппе 2026 жылғы әлем біріншілігіне де қатысты.
Жетістіктері
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Командалық
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- Франция чемпионы: 2016/17
- Франция чемпионы: 2017/18, 2018/19, 2019/20, 2021/22, 2022/23, 2023/24
- Француз Лигасының кубогы: 2017/18, 2019/20
- Франция кубогы: 2017/18, 2019/20, 2020/21, 2023/24
- Франция суперкубогы: 2019, 2020, 2023
- УЕФА Суперкубогы: 2024
- Құрлықаралық кубок: 2024
Жеке
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- Франция чемпионатының үздік жас ойыншысы: 2016/17
- Golden Boy жүлдесінің иегері: 2017
- Франция чемпионатының үздік мергені (2): 2018/19, 2019/20
- Франциядағы жыл футболшысы (2): 2018, 2019
- Әлем чемпионатының үздік жас ойыншысы: 2018
- «Копа» олжасының иегері: 2018
- 1 (3) лигадағы ай ойыншысы: сәуір 2017, наурыз 2018 , тамыз 2018
- Алтын бутсы иегері:24/25
Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- ↑ Simon Rémoussin Kylian Mbappé, precocious talent (ағыл.). AS Monaco FC. (24 қазан 2016). Басты дереккөзінен мұрағатталған 28 қазан 2016.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 23 қыркүйек 2018.
- ↑ Toby Gannon Kylian Mbappe’s mum ‘fears Neymar and Dani Alves are teasing her son over Teenage Mutant Ninja Turtles’ Donatello comparison (ағыл.). The Sun. (11 шілде 2018).
- ↑ Alexandre Jaquin PSG: pourquoi Mbappé est surnommé "Donatello" dans le vestiaire. RMC Sport. (18 қыркүйек 2017).
- ↑ Official Announcement: Mbappé. Реал Мадрид. (3 маусым 2024). Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 маусым 2024. Тексерілді, 3 маусым 2024.
- ↑ Mbappé signs for Real Madrid (ағыл.). Real Madrid CF. (3 маусым 2024). Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 маусым 2024. Тексерілді, 3 маусым 2024.
- ↑ Kylian Mbappe says Real Madrid move 'a dream come true' (ағыл.). BBC Sport. (3 June 2024). Тексерілді, 3 маусым 2024.
- ↑ https://www.championat.com/football/news-3490333-modrich-priznan-luchshim-igrokom-chm-2018-mbappe--luchshij-molodoj-igrok.html
Сілтемелер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- Профилі — transfermarkt.com (ағыл.)
| ||||||||||||||||||
| ||||||