Мазмұнға өту

Түркия Ұлттық футбол құрамасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Түркия Ұлттық футбол құрамасы
Логотип
Лақап аты

Ay Yıldızlılar (Ай-Жұлдыздылар)

Конфедерация

УЕФА

Федерация

Түрік футбол федерациясы

Бас бапкері

Түркия Шенол Гүнеш

Капитаны

Түркия Мехмет Топал

Ең көп
ойын саны

Түркия Рүштү Речбер (120)

Үздік
бомбардир

Түркия Хакан Шүкір (51)

Үй стадионы

Олимпиада стадионы (Стамбул), Фенербахче Шүкрү Саражоғлу және Кадир Хас

ФИФА рейтингі

26 (+16) (18.07.2024)

ФИФА коды

TUR

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма

Түркия Түркия 2:2 Румыния Румыния
(Стамбул, Түркия; 26 қазан 1923 жыл)

Түркия Түркия 7:0  Сирия
(Анкара, Түркия; 20 қараша 1949 жыл)
Түркия Түркия 7:0 Корея Корея Республикасы
(Женева, Швейцария; 20 маусым 1954 жыл)
Түркия Түркия 7:0 Сан-Марино Сан-Марино
(Стамбул, Түркия; 10 қараша 1996 жыл)

Польша Польша 8:0 Түркия Түркия
(Хожув, Польша; 24 сәуір 1968 жыл)
Түркия Түркия 0:8 Англия Англия
(Стамбул, Түркия; 14 қараша 1984 жыл)
 Англия 8:0 Түркия Түркия
(Лондон, Англия; 14 қазан 1987 жыл)

Түркия Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Түркияның атынан сынға түсетін ұлттық құрама. Әлем чемпионатына 2 рет, Еуропа чемпионатына 3 рет қатысқан. Жоғары нәтижелері: ӘЧ — жартылай финал (2002), ЕУРО — жартылай финал (2008). 2003 жылы Конфедерациялар кубогына қатысып, үшінші орынға ие болған.

2000 жылдарға дейін

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Түркия футбол құрамасы 1923 жылы құрылған. 1954 жылғы әлем чемпионатына қатысқаны болмаса, 20-ғасырда түрік футболы әлемге аса таныла қоймады. Тек 2000 жылдарға қарай түрік футболында Реджбер Рүшті, Хақан Шүкір, Хасан Шаш, Бүлент Қорқмаз, Үміт Дауала секілді буын өкілдері өсіп-жетілген соң Еуропаны ақырындап мойындата бастады. 2000 жылы "Галатасарайдың" УЕФА кубогын ұтып алуы да осы жас буынның арқасы.

2000 жылы Еуропа чемпионатында Түркия құрамасы ширек финалға дейін жетті.

2002 жылғы әлем чемпионатында Түркия жартылай финалға жетті. Бүкіл чемпионат бойында оларды бір ғана құрама — Бразилия ұта алды. Бұл екеуі бір топқа түсіп қалды да, бірінші турда кездесті. 50-минутқа дейін Түркия 1:0 есебімен алда тұрды. Осы кезде ғана болашақ чемпиондар есепті теңестірді. Мұнан соң екі құрама ұзақ уақыт тепе-тең айқасты. 86-минутта түркиялық Алпай Өзалан айып алаңының сыртында Луизаоны жейдесінен тартып еді, ол айып алаңына жетпей жығылды. Төреші Алпайды алаңнан қуды да, пенальти белгіледі. Ривалдо пенальтиді дәл соғып, Бразилияны алға шығарды. Осылайша төрешілердің көмегімен Бразилия Түркияны әзер ұтты.

Бұл екі құрама жартылай финалда тағы кездесті. Бұл жолы Бразилия таза жеңіске жетті — 1:0. Үшінші орын үшін ойында Түркия 3:2 есебімен Кореяны ұтты. Бұл ойында Хақан Шүкір 11-секундта есеп ашып, ӘЧ тарихындағы ең жылдам голды соқты.

Кейінгі жылдары

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

2003 жылғы Конфедерациялар кубогында Түркия үшінші орынды иеленді. Ал 2004 жылғы Еуропа чемпионатына күтпеген жерде плей-офф сатысында Латвиядан ұтылып шыға алмады.

ӘЧ-2006 іріктеуінде Түркия өз тобында Украинаны оздырып екінші орында қалды да, шешуші плей-оффта Швейцарияға жол беріп қойды.

ЕУРО-2008 турнирінде Түркия құрамасы құрлықтық додадағы ең жоғарғы нәтижесіне қол жеткізіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда бұларды Германия тоқтатты — 2:3.

2016 жылғы Еуропа чемпионатында топтан шыға алмады.

Ірі турнирлерде

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Әлем чемпионаттарында

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
  • 1930-38 — қатыспады
  • 1950 — іріктеуден өте алмады
  • 1954 — топтық турнир
  • 1958-98 — іріктеуден өте алмады
  • 2002 — Үшінші орын
  • 2006-18 — іріктеуден өте алмады

Еуропа чемпионаттарында

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
  • 1960-92 — іріктеуден өте алмады
  • 1996 — топтық турнир
  • 2000 — 1/4 финал
  • 2004 — іріктеуден өте алмады
  • 2008жартылай финал
  • 2012 — іріктеуден өте алмады
  • 2016 — топтық турнир

Көп ойын өткізгендер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
ПозицияОйыншыМатчЖЖ
1Рюштю Речбер1201994—2012
2Хакан Шукюр1121992—2007
3Бюлент Коркмаз1021990—2005
4Арда Туран952006—2017
5Тугай Керимоглу941990—2007
6Эмре Белезоғлы932000—2018
7Алпай Озалан901995—2005
8Хамит Алтынтоп822004—2014
9Тунджай Шанлы802003—2010
10Огун Темизканоглу761990—2002
ПозицияОйыншыГолЖЖ
1Хакан Шүкір511992—2007
2Тунджай Санли222003—2010
3Лефтер Кючюкандонядис211948—1961
Бурак Йылмаз212006—
5Нихат Кахведжи192000—2010
Метин Октай191969—1979
Джемиль Туран191969—1979
8Арда Туран172006—2017
9Зеки Риза151923—1932
10Ариф Эрдем111993—2004
Эртугрул Саглам111993—1998